Қасым-Жомарт Тоқаев Назарбаев университетінің президентімен кездесті

Сурет: Акорда
Мемлекет басшысы Назарбаев Университетінің президенті Шигео Катсуды қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz

Шигео Катсу Президентке Назарбаев университетінің қазіргі жұмысы мен алдағы кезеңге арналған жоспары туралы баяндады.

Ақорданың хабарлауынша, әңгімелесу барысында білім беру және ғылыми-зерттеу жұмыстарының перспективасына, түрлі саладағы жаңа технологиялар мен инновацияларды әзірлеу мәселесіне ерекше назар аударылды. Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев жуық арада Назарбаев Университетіне баруға ниетті екенін айтты.

Шигео Катсудың сөзінше, Назарбаев университеті еліміздегі жоғары білім беру ісінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға өз үлесін қосуға дайын. Оқу орнының қызметі ұлттық экономика мен еліміздегі әлеуметтік саланы жаңғыртуға бағытталып отыр.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Шигео Катсуды 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, жоғары біліктілігі мен Қазақстанның білім беру саласындағы көпжылғы жемісті еңбегі үшін алғыс білдірді.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді