Ерекше балаларды қазақ тілінде оқытуға арналған алғашқы нұсқаулық жарыққа шықты

Сурет: pixabay
Елордада ерекше балаларды қазақ тілінде оқытуға арналған алғашқы нұсқаулық таныстырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кітап "Болашақ" корпоративтік қорының бастамасымен қазақ тіліне аударылған. Аудармашылар ағылшын авторларының ойларын мағынасын жоғалтпай қарапайым сөздермен жеткізуге тырысқан. Кітапты аудару жұмыстарына 2 жыл кетіп, 5 миллион теңге  жұмсалған. Арнайы нұсқаулықтың 3 мың данасы жарық көрді. Олар арнайы мекемелерге, психологтарға, педагогтарға және ерекше балалардың ата-аналарына тегін беріледі, делінеді Астана телеарнасының сюжетінде .

Педагогтар, ассистенттер мен балалар қазақ тілінде сөйлейді және оқиды, ал барлық бағдарламалар орыс тілінде жасалған.  Сондықтан біз мамандарға, ата-аналарға қазақ тілінде арнайы әдебиеттер, ғылыми нұсқаулықтар қажет екенін түсіндік. "Болашақ" корпоративтік қорының төрайымы Динара Шайжүнісова
Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі