Қазақстанда тағы бір университет жабылады

Сурет: kosstu.edu.kz
Тексеруден кейін Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті жабылды. Комиссия 35 заң бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тағы бір қазақстандық университет жабылып жатыр. Әңгіме З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті жайында болып отыр.

Бұған дейін ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне университет қызметкерлерінен шағымдар келіп түскен болатын. Бұл университетте жоспардан тыс тексеру жүргізуге себеп болды. Нәтижесінде комиссия тексеру парағының 46 тармағының 35-і бойынша заңсыздықтарды анықтады.

Айта кетерлігі, тексеру нәтижелеріне университет шағым түсірді, алайда бірінші және екінші сатыдағы соттардың шешімдерімен комитеттің тексеру нәтижелері бойынша барлық әкімшілік акті өзгеріссіз қалдырылып, университеттің шағымдары қанағаттандырылмады. Енді оны Жоғарғы сот қарайды.ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар комитеттің шешімімен университет бас лицензиясынан айырылды. Бұл шешімге қатысты да университет тарапы сотқа шағымданды.

Қазақстан
Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда полиция 170 мыңнан астам үй мен пәтерді тексерді: себебі мен нәтижесі белгілі болды

Тоқаев "Атлетико Мадрид" клубының бас директорын қабылдады

Ақмола облысында көлік жылқы үйірімен соқтығысты

-6°C: 23 қазанда еліміздің бес өңірінде қар жауып, күн суытатыны болжанады

"Қар, көктайғақ, тұман": Жұмада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды