Елімізде жазғы мектептер қайта жұмыс істейді

Сурет: Zakon.kz
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Zakon.kz тілшісінің «Мектеп оқушылары үшін оқу жылы ұзартыла ма?» деген сұрағына жауап берді.
Жалпыға міндетті мемлекеттік стандарт бар. Ол меншік нысанына қарамастан барлық ұйымға бірдей. Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты бізде оқу жылының басы мен аяқталуы бар дейді. Бұл ретте оқу жылы 25 мамырда аяқталады. Мен кеше тиісті бұйрыққа қол қойдым. Бірақ соған қарамастан қаңтар айында объективті жағдайларға байланысты біраз уақыт оқи алмағанымызды, сонымен қатар пандемия білім беруге әсер еткенін ескереміз. Осыған орай, былтыр жазғы мектеп өткізу тәжірибесі болған еді.Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов

Министрдің айтуынша, көп елде жазғы мектептер жұмыс істейді. Олардың кейбірі негізінен оқу жылының ұзақтығын ұлғайтады.

Былтырғыдай биыл да оқушыларға жазғы мектеп өткіземіз. Бұл балалардың білімін жетілдіріп, мұғалімдеріміздің жұмыс істеуге қосымша мүмкіндік алуы үшін қажет. Бұл қосымша шығынды талап етпейді. Асхат Аймағамбетов

Еске сала кетейік, қаңтарда жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты қазақстандық оқушылар мен студенттердің қысқы демалысы ұзартылған еді.

Қазақстан
Аймағамбетов Асхат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі