Болашақ әскери дәрігерлерге іріктеу жүріп жатыр – Қорғаныс министрлігі

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстан әскеріне медицина мамандарын Ақтөбедегі Әуе қорғанысы күштері әскери институтының әскери-медицина факультеті, Санкт-Петербургтегі Әскери-медицина академиясы және Ереван мемлекеттік медицина университетінің әскери-медицина факультеті дайындайды, деп хабарлайды Zakon.kz

Қорғаныс ведомствосының мәлімдеуінше, биыл оқу орындарына 40 курсантты оқуға қабылдау жоспарланып отыр.

Сонымен бірге, Санкт-Петербургтегі Әскери-медициналық академия ұлдарды да, қыздарды да оқуға қабылдайтынын атап өту керек.

Оқу барысында курсанттар толықтай мемлекет тарапынан қамтамасыз етіледі.

Оқуды аяқтаған болашақ әскери дәрігерлерге «лейтенант» әскери атағы беріледі. Жас мамандарда Қарулы күштерде әскери қызмет өткере отырып, интернатурада оқуын жалғастыруға мүмкіндік бар.

Әскери оқу орындарына түскісі келетін талапкер биылғы жылдың мамыр айынан кешіктірмей тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органдарына хабарласуы қажет.ҚР Қорғаныс министрлігі
Қазақстан
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін