Өңірлердегі колледждерге қосымша 45 мың грант бөлінеді

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Білім және ғылым министрі өңірлердегі колледждерде білім алу үшін қосымша 45 мың грант бөлінетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Асхат Аймағамбетов бұл туралы Facebook-тегі парақшасында жазды.

Республикалық бюджеттен өңірлердегі колледждерде білім алу үшін қосымша 45 мың грант бөлінеді. Мұндай шешім Президент тапсырмасын орындау мақсатында қабылданып отыр, – деп жазды Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Еске сала кетейік, бүгін ғана Қазақстан колледждеріне студенттер енді жаңа әдіспен қабылданатыны туралы хабарланған еді. Білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанованың айтуынша, әр талапкердің 4 мамандық пен 4 колледжге дейін таңдау мүмкіндігі бар. Бұл жағдайда таңдауды өзгерту мүмкіндігі үш рет жүзеге асырылуы мүмкін.

Құжаттарды қабылдау 20 маусымда электронды үкімет порталы арқылы және тікелей колледжде басталады.

Қазақстан
Аймағамбетов Асхат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады