Мен өзім ҰБТ-ның жанкүйері емеспін. Дегенмен, бұл университеттерге түсудің барлық мүмкіндіктерінің ең жақсысы. Бүгінде бұл процедураны қалай жақсартуға болатынын ойлануымыз керек деп есептеймін. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов
Білім министрлігінің басшысы қазір мектеп бітірушілер ҰБТ-ны электронды форматта тапсырып жатқанын еске салды.
Оның үстіне, біз түлектердің жоғары оқу орындарына бұрынғыдай жазда емес, қыста түсуіне мүмкіндік жасадық. Шартты түрде, егер студент қаңтар айында бірінші ақылы ҰБТ тапсырып, шекті балл алса, бірден университетке құжаттарын тапсырып, шартты түрде оқуға түсе алады. Бүгінгі таңда эмоциялық қысымды азайтуға қажетті шаралар қабылданып жатыр. Асхат Аймағамбетов
Министр тек ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында тестілеуден өту шарттарының күшейтіліп жатқанын түсіндірді. Мәселен, 2019 жылы 117 мың ҰБТ тапсырушыдан 128 мың тыйым салынған зат табылса, 2020 жылы 122 мың түлектен 2,5 мыңға жуық осындай зат табылған.
ҰБТ-да тыйым салынған заттар: шпаргалка, Менделеев кестесі, калькулятор, ұялы байланыс құралдаы, рация, трекерлер, бейнекамералар, фотоаппараттар, планшеттер, ноутбуктер, модемдер, плеерлер, құлаққаптар, ақпарат алмасу құрылғылары.
Заңның аты – заң . Қазіргі таңда ҰБТ-да тыйым салынған заттардың саны жүздеген есеге азайды. Қазір біз орта есеппен мыңға жуығын анықтап жатырмыз.Асхат Аймағамбетов