Білім министрі «Маугли балалар» туралы айтты

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтен Zakon.kz тілшісі «Маугли балалар» туралы сұрады. Бас педагог балалардың мектепке бармауына мұғалімдер емес, ата-ана жауапты екенін айтты.
Мектепке бармаған оқушы үшін мектеп жауапты десек, бұл дұрыс емес. Сондықтан бірнеше жыл бұрын мұғалімдердің үй аралауын алып тастағанбыз. Балаңызды мектепке беруді ұмытып кеттіңіз бе, ол – ата-ананың өзінің міндеті. Сондықтан бұл жағдайда «Мектеп кінәлі, мұғалім әр пәтерге барып, жақын жерде болуы керек еді» деу қисынсыз. Мен бұл көзқараспен келіспеймін. Баланы мектепке беру – ата-ананың жауапкершілігі. Мұндай жағдайларда ата-аналарға өте қатаң шара қолдану керек.Асхат Аймағамбетов

Сонымен қатар министр «Маугли балалардың» қазіргі жағдайынан хабардарсыз ба?» деген сұраққа жауап берді.

Жұмыстың атқарылып жатқанын білеміз. Мен жалпы мәселені айтып отырмын. Бұл жалпы сұрақ. Барлық елдерде баланы мектепке беру – бұл ата-ананың міндеті. Баланың жағдайын мұғалімнен емес, ата-анадан сұрап, ата-анадан талап етуіміз керек деп есептеймін әрі солай екеніне мен сенімдімін. Өйткені Конституция бойынша орта білім міндетті.Білім және ғылым министрлігі

Қазір осы іс бойынша қажет қалпына келтіру жұмысы жүргізіліп жатыр. Осы іс бойынша әкімдік кінәлі деп тапқандарға қатысты тиісті тәртіптік шаралар қолданылып, жазаланды. Тиісінше бұл жағдайда барлық аталған бұзушылық жойылды.

Айта кетейік, Екібастұздағы пәтерлердің бірінен еріктілер 2016, 2014, 2017 және 2018 жылы туған төрт баланы тапқан еді. Олар өздігінен қозғала алмаған. Бұған қоса, үш күн бойы тамақтанбаған, өйткені үйлерінде тамақ болмаған.

Екібастұз қаласының әкімдігінің мәліметінше, балалардың анасы 1994 жылы туған. Ал балалардың әкесі жұмыс істемейді.

Аймағамбетов Асхат
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: