Елімізде ноутбуктер бір жылда 5,1% қымбаттады

Сурет: pexels
2022 жылғы наурыз айының қорытындысы бойынша, Қазақстанда бір жылда ноутбуктер 5,1% қымбаттаған. 2021 жылдың сәйкес кезеңінде өсім 6,9% болған еді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен қатар зерттеушілердің айтуынша, қазақстандық компьютерлер мен ноутбуктердің өндірісі 2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында бір жарым есеге, яғни 3,8 мыңға дейін өсті.

Сонымен қатар energyprom.kz сарапшылары құрал-жабдықтардың қымбаттауының себебін атады.

Ноутбуктер мен компьютерлер бағасының өсуіне жартылай өткізгіштердің жаһандық тапшылығы да, майнинг компанияларының артуына байланысты компоненттердің (бейнекарталар, SSD дискілері және т.б.) құнының өсуі де әсер етеді, – дейді мамандар.

Сарапшылардың сөзінше, импорттық компьютерлер үлесі қазақстандық компьютерлер мен ноутбуктердің ішкі нарықтағы үлесінен айтарлықтай асып түсетінін ескерсек, баға белгілеуде ұлттық валюта бағамының құбылуы да маңызды рөл атқарады.

2022 жылдың алғашқы екі айында елге 5,5 мың компьютер мен ноутбук импортталды. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда үштен бір есеге аз», – делінген зерттеуде.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді