Жасөспірімдердің көбі дәрігер мамандығын таңдайды – Аймағамбетов

Сурет: Zakon.kz
ҚР Білім және ғылым министрі қазақстандық жасөспірімдердің кәсіптік бейімділігін атады. Оның айтуынша, Қазақстанда жасөспірімдердің жартысынан көбі кең таралған мамандықтарды таңдаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зерттеудің барлық үш циклінде мансаптық таңдаудың алдыңғы қатарында дәрігер мамандығы тұр. Мысалы, жалпы тәжірибелік дәрігер PISA-2022 (9%), PISA-2015 (10%) және PISA-2018 (5%) зерттеуінде ең жиі таңдалған.

Министрдің айтуынша, жасөспірімдердің педагог мамандығына қызығушылықтары айтарлықтай артқан.

Менің ойымша, бұл - біздің мұғалім мәртебесін көтеруге бағытталған жұмысымыздың нәтижесі. Зерттеудің үш циклі ішінде осы мамандыққа қызығушылық танытқан оқушылардвң үлесі екі есеге немесе 5%-ға өсті. Атап айтқанда, осы мамандықты таңдау бойынша PISA-2015 зерттеуінде 7-орын болса, ал PISA-2022-де 2-орынға дейін көтерілді. 2022 жылы оқушылардың 9%-ы «Жалпы білім беретін мектептегі мұғалім» мамандығын болашақ мамандығы ретінде таңдады.Асхат Аймағамбетов

Министр PISA-2022 зерттеуінің қорытындысы бойынша таңдаулы мамандықтардың алғашқы ондығына АКТ мамандықтары кіреді деп күтіліп отырғанын айтты.

Сонымен қатар жиі таңдалатын мамандықтардың ондығына жаңа мамандықтар енді.

Қазақстан
Аймағамбетов Асхат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі