ҚР БҒМ халықаралық олимпиада жеңімпаздары қанша алатынын айтты

Сурет: Zakon.kz
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook-тегі парақшасында Президент халықаралық пәндік олимпиада жеңімпаздарына біржолғы ақшалай төлемдерді төлеу нормасын қарастыратын заңға қол қойғанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аймағамбетовтың айтуынша, халықаралық пәндік олимпиада жеңімпаздарына біржолғы ақшалай төлемдерді төлеу нормасын қарастыратын заңға жақында ғана қол қойылды.

Алтын медаль алған оқушыға 1 500 АЕК, күміс медальға 1 000 АЕК, қола медальға 500 АЕК көлемінде ақшалай сыйақы беріледі. Оқушыларды жарысқа дайындаған педагогтерге де біржолғы сыйақы беріледі. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов

Одан бөлек, халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне қазақстандық ЖОО-ға түсу үшін автоматты түрде гранттар беріледі.

Білім және ғылым министрлігі елімізде балаларға жағдай жасау және олимпиадалық қозғалысты дамыту жұмыстарын жалғастыра береді.

Жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай - ақ ҚР заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерде қолданылатын бір айлық есептік көрсеткіш (АЕК)көлемі 3 063 теңгені құрайтынын еске саламыз.

Қазақстан
Аймағамбетов Асхат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін