Білім министрі олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпаздарына білім гранты бөлінетінін мәлімдеді

Сурет: Telegram/AIMAGAMBETOV
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа бұйрыққа қол қойғанын мәлімдеді. Ол бойынша енді олимпиадалардың, спорттық және шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары білім грантына ие болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмасы аясында заңнамаға өзгерістер енгізілген еді.

Енді беделді халықаралық пәндік олимпиадалардың, спорттық жарыстардың және әлемдік деңгейдегі шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҰБТ тапсырмай-ақ ЖОО-ға бейінді бағыттар бойынша грантқа түсуге мүмкіндік алды.

Халықаралық олимпиадалардың, спорттық және шығармашылық байқаулардың тізбесін бекіту туралы бұйрыққа қол қойдым. Бұл құжат жеңімпаздар мен жүлдегерлерге отандық ЖОО-да бейінді бағытта білім алу үшін гранттар бөлуге мүмкіндік береді, – деп жазды Асхат Аймағамбетов Telegram-дағы каналына.

Бүгін Білім және ғылым министрлігі Дүниежүзілік гимназиада – 2022-нің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімін өткізеді.

Еске сала кетейік, Қазақстан оқушылары Гимназиядада әлемнің 70-тен астам елінен келген жасөспірімдерді басып озып, 86 медаль жеңіп алған еді. естеріңізге сала кетейін. Осылайша ұлттық құрама 3-орынды иеленген.

Енді олар бірінші болып ЖОО-да оқу үшін гранттар алады. Жас дарындар Мемлекет басшысының шешімі арқасында осындай қолдауға ие болып отыр.Асхат Аймағамбетов
Қазақстан
Аймағамбетов Асхат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды