Павлодар облысындағы үш мектепке белгілі тұлғалардың есімі берілді

Сурет: Zakon.kz
Павлодар облысы Ақтоғай ауданындағы мектептерге жаңа атау берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аудандық білім беру бөлімінің мәліметі бойынша, Агрономия орта мектебі енді Кеңес одағының батыры атағының екі мәрте иегері Талғат Бигелдиновтың атымен аталады, делінген Pavlodarnews.kz хабарламасында.

Білім ордасы 1979 жылы салынған. Қазіргі уақытта онда 77 оқушы білім алады.

Приреченск орта мектебіне «Ұлы дала есімдері» жобасы бойынша Қаныш Сәтбаевтың есімі берілді.

Мектеп 1989 жылы ашылған. Балалар қазақ және орыс тілдерінде білім алады. 77 бала оқитын 11 оқу кабинеті бар. Оған қоса, мектеп базасында 20 балаға арналған «Қарлығаш» шағын балабақша және 22 балаға арналған мектеп интернаты жұмыс істейді.

Харьков орта мектебі қазақтың белгілі ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің атымен аталды.

Білім ордасы 1975 жылы ашылған. Екі тілде білім береді. Мектепте 1-9-сыныптарда 69 бала білім алады. Мектеп ішінде «Балапан» шағын орталығы жұмыс жасайды.Айта кетейік, аталған мектептер кеңес кезеңінде салынған және ешқандай тұлғаның атында болмаған.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қару-жарақ, оқ-дәрі және қымбат көліктер: қылмыстық топ мүшелерінен не тәркіленді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты