Қазақстан – зайырлы мемлекет. Сол себепті мектептер де зайырлы мекемелер болып саналады. Мектеп формасы туралы 2016 жылғы бұйрық бар, ол күшін жойған жоқ. Біз біліммен қамтылмауы мүмкін қыздарды оқу процесіне қосу туралы айтып отырмыз. Сондықтан бұл мәселені шешудің жолдары мен тетіктен іздестіріп жатырмыз.Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы
Гүлмира Кәрімованың сөзінше, мектепте орамал тағуға қатысты түрлі ұсыныс түсіп жатыр. Ал негізгі мәселе білім болуы керек дейді министрлік өкілі.
Бұл жерде әңгіме хиджаб туралы болып отырған жоқ. Түрлі ұсыныс түсіп жатыр, соның ішінде орамалдағыларды өзіміздің отандық мектептерде онлайн оқыту мүмкіндігі және оқу үдерісіне тарту бойынша басқа да ұсыныстар бар. Ең бастысы – барлығын орта біліммен қамту. Бұл балалардың осы бөлігін мектепте білім алуы үшін жасалып отыр.Гүлмира Кәрімова
Сонымен қатар Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасы Гүлмира Кәрімова мектеп формасына қатысты ешқандай жаңа өзгеріс енгізілмегенін еске салды.
Қазіргі мектеп формасына қатысты бұйрық өз күшінде, ешқандай өзгеріс енгізілген жоқ. Біз барлық оқытудың түрлі мүмкіндіктерін талқылаймыз. Бұл эмоцияға беріліп шешілетін мәселе емес. Қоғамда әртүрлі пікірлер бар екені рас. Ең әуелі балалардың мүддесі мен заңнамадағы нормаларды негізге алуымыз керек.Гүлмира Кәрімова