Аймағамбетов: Біз жаңа идеялар мен конструктивті сынға ашықпыз

Сурет: ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі
Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрлігінің екіге бөлінуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, бұл шешім Білім және ғылым жүйесін одан әрі дамыту үшін маңызды болып табылады әрі осы саланы дамытуда Президенттің алға қойған міндеттеріне назар аударуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Асхат Аймағамбетов Facebook-тегі парақшасында жазды.

Президент Жарлығымен Оқу-ағарту министрі болып тағайындалдым. Бұл - мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру, сондай-ақ инклюзивті білім беру мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелерін қамтитын үлкен сала. Осы бағыттарды одан әрі дамыту үшін алда бірқатар міндет тұр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа сенім білдіргені үшін алғыс айтамын. Президенттің тікелей қолдауының арқасында көп жұмысты, соның ішінде педагогтердің, оқытушылардың жалақысын көтеру, саладағы ашықтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды арттыру бойынша жұмыстарды шешуге мүмкіндік болды. Бұл жұмыс әрі қарай да жалғасын табады. Жұмысымызда тиімділікті, әділдікті және ашық болуды қамтамасыз ету негізгі бағыт болып қала береді. Дегенмен қоғаммен бірлесіп шешетін күрделі мәселелер де жоқ емес. Проблемалар бар. Біз жаңа идеялар мен конструктивті сынға ашықпыз. Асхат Аймағамбетов
Аймағамбетов Асхат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз