Ал 1936 жылға қарай мектептер саны 7731-ге, ал оқушылар саны 929 мыңға дейін өсті.
Бір қызығы, 2021-2022 оқу жылында елдегі білім беру мектептерінің саны 7 550 болды, яғни өткен ғасырдың 36-жылымен салыстырғанда 181 мектепке аз, – дейді статистиктер.
Ал өткен оқу жылында оқушылар саны 3,6 миллион болды, кейбір сыныптарда 40-45 бала білім алды.
Биыл 170 мыңнан астам түлек мектеппен қоштасты. Соңғы жылдары бірінші сынып оқушыларының саны 300 мыңнан асып жығылды.