Қазақстан оқушылары Балқан олимпиадасында алты медаль жеңіп, былтырғы рекордты жаңартты

Сурет: Оқу-ағарту министрлігі
Жасөспірімдер арасындағы математикадан халықаралық Балқан олимпиадасында (JBMO) Қазақстан оқушылары 2 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биыл олимпиадаға дүниежүзінің 19 елінен 81 оқушы қатысты. Олардың қатарында Албания, Босния және Герцеговина, Болгария, Кипр, Македония, Греция, Молдова Республикасы, Черногория Республикасы, Румыния, Сербия және тағы басқа елдер бар. Зияткерлік сайыстар 28 маусым мен 3 шілде аралығында Босния және Герцеговина астанасы Сараево қаласында офлайн форматта өтті.

Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, Қазақстан географиялық жағынан Оңтүстік-Шығыс Еуропада орналаспағандықтан олимпиадаға жыл сайын қонақ ел ретінде қатысады. Биыл ұлттық құрама қатарына Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау және Тараз қалаларынан 6 оқушы кірді. Олардың әрқайсысы жарыстан жүлдемен қайтқан.

Олардың әрқайсысы жарыста медаль жеңіп алды. Біз мұны мақтан тұтамыз. Жалпы командалық есепте Қазақстан 5-орынды иеленді. Елімізде Балалар жылы аясында дарынды оқушылар мен олимпиадашыларға белсенді қолдау көрсетіліп жатқанын да атап өту керек. Бұдан былай гранттар мен стипендиялар тек ЖОО-дан ғана емес, мемлекеттен де беріледі. Ол үшін оқушылар Математикадан халықаралық олимпиада (IMO) сияқты жарыстарға қатысып, жеңіске жетуі керек, – деді «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы директорының міндетін атқарушы Нұрлан Жұмагелді.

Айта кетейік, былтыр Қазақстан оқушылары Балқан олимпиадасынан 2 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль жеңіп алған еді.

Қазақстан
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды