6 айда Қазақстанның 204 оқушысы халықаралық олимпиадаларда медаль жеңіп алды

Жас дарындар ел қоржынына 26 алтын, 56 күміс, 122 қола медаль әкелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жыл басынан бері 204 қазақстандық оқушы негізгі пәндер бойынша халықаралық олимпиадаларда медаль жеңіп алды. Олар:

Халықаралық пәндік олимпиадаларға 500-ден астам оқушымыз қатысып, оның 200-ден астамы медаль жеңіп алды. Бұл әр екінші оқушымыз медаль жеңіп алғанын білдіреді. Біздің балаларымыз жүзден астам елдің жасөспірімдерімен сынға түсіп, үздік нәтиже көрсетті. Олар ұлттық құрамаға еніп, IMO, IPhO, IBO, IOL, IchO және тағы басқа да халықаралық олимпиадаларға қатысуға мүмкіндік алады. Қазір балаларымыз ең беделді пәндік олимпиадаларға қатысып жатыр. Оқушыларымыз осы олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болса, ақшалай сыйлықтар мен қазақстандық университеттерде оқу үшін гранттарға ие болады, – деді Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша дарынды балаларды қолдау мақсатында биыл халықаралық зияткерлік олимпиадалардың жеңімпаздары қазақстандық ЖОО-да білім алу үшін ақшалай сыйлықтар мен гранттарға ие болады. Алтын медаль алған оқушыға 1 500 АЕК, күміс медальға 1 000 АЕК, қола медальға 500 АЕК көлемінде ақшалай сыйлық беріледі.

Сонымен қатар оқушыларды байқауға дайындаған ұстаздарға да біржолғы сыйақы төленеді.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: