Қазақстан оқушылары физикадан халықаралық олимпиада жүлдегерлері атанды

Сурет: Facebook/askhat.aimagambetov
Білім министрі Асхат Аймағамбетов физика пәні бойынша халықаралық олимпиада (IPhO) жеңімпаздарын құттықтады. Жарысқа Қазақстанның атынан еліміздің түрлі қалаларындағы мектептерден бес оқушы қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық құрамамыздың қоржыны тағы да медальдармен толықты. Оқушыларымыз керемет нәтиже көрсетіп, Физикадан халықаралық олимпиадада (IPhO) 1 алтын және 4 күміс медаль жеңіп алды, деп жазды Асхат Аймағамбетов Facebook-те.

Жарыс Цюрих қаласында (Швейцария) 10-15 шілде аралығында өтті.

Еліміздің намысын 5 оқушы қорғады.

Олар 75 елден келген 368 жасөспіріммен сынға түсті. Балаларымыз өткен жылы 5 күміске ие болған еді. Осылайша биыл оқушыларымыз былтырғы көрсеткішті жақсарта алды.

Ұлттық құрама қоржынына Даниил Шатохин алтын және күміс медальді Ерсұлтан Пітебай, Владимир Лим, Дінмұхаммед Рахымжанов және Ризабек Алпамыс әкелді.

Құрметті оқушылар! Сіздерді жеңістеріңізбен құттықтаймын! Сіздер жоғары нәтиже көрсетіп, еліміздің намысын әлемдік аренада абыроймен қорғай білдіңіздер. Бұл жетістіктеріңізге ата-аналарыңыздың қолдауы, ұстаздарыңыздың берген білімі септігін тигізді, сол үшін ризашылығымды білдіргім келеді. Сіздерге алдағы уақытта да жеңісті күндер тілеймін. Биік белестерді бағындыра беріңіздер. Асхат Аймағамбетов

Министр осындай беделді халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары ақшалай сыйақы алып, ұлттық жоғары оқу орындарына ҰБТ тапсырмай-ақ грантқа түсе алатынын еске салды. Сонымен қатар жүлдегерлердің педагог-тәлімгерлері де төлем алады.

Қазақстан
Аймағамбетов Асхат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты