Ғылым министрлігі грантқа іліге алмаған талапкердің арызын қанағаттандырды

Сурет: unsplash
Мектеп түлегі Тастан Жасмин Қуанышқызы мемлекеттік білім грантының конкурсына қатысу үшін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне құжат тапсырған. Қабылдау комиссиясы жіберген техникалық қателіктің кесірінен қыз грантқа іліне алмады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осыдан кейін грант иегерлерінің тізімі жарияланғанда баласының оқуға түспегенін білген ата-ана оқу орнының басшылығына, министрлікке арызданды.

Ғылым және жоғары білім министрлігі мамандары бүгін бұл мәселені назарға алып, шұғыл шешім қабылдады. Министрдің кеңесшісі түлектің ата-анасымен сөйлесіп, кеткен қателік үшін министр мен министрліктің атынан кешірім сұрады. Тез арада техникалық қателік түзетіліп, талапкер Тастан Жасмин Қуанышқызы үшін Сүлеймен Демирел атындағы универиситетке грант бөлінетін болды.Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі

Министрліктің хабарлауынша, талапкер жатақханамен де қамтылады.

Ал, құжат қабылдауда қателік жіберген М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті қабылдау комиссиясының маманына «сөгіс» берілді.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек аппарат басшыларына және Жоғарғы оқу орындары ректорларына талапкерлер мен тестілеуге қатысушылардың құжаттарын қабылдау барысында мұқият болуды ескерттіҒылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды