Елімізде магистратурада білім алуға 17 мың адам өтініш берді

Сурет: pixabay
Ғылым және жоғары білім министрлігі биыл қанша адам магистратураға өтініш бергенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Магистратурада білім алуға бүгінде республика бойынша 17 мыңға жуық адамнан өтініш келіп түскен.

Грант иегерлерінің тізімі Ғылым және жоғары білім министрлігінің телеграм-каналында 25-тамызға дейін жарияланады.

Сонымен қатар қазір докторантураға түсу емтихандары болып жатыр. Емтихан 20 тамызға дейін жалғасады. Емтихан нәтижесі келесі күні докторантураға түсушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады. Ал апелляцияға арналған өтініш нәтиже жарияланғаннан кейін келесі күні аймақтық тестілеу орталықтары базасында қабылданады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ақтауда шетелге заңсыз ақша шығарған компанияға 153 млн теңге айыппұл салынды

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

КХДР үш сағат ішінде екі баллистикалық зымыран ұшырды

Үкімет қатты пайдалы қазбаларға роялти енгізуге байланысты мәлімдеме жасады