Қазақстанда дарынды ғалымдарды қалыптастыру бағдарламасы құрылады

зерттеу, ғылым Сурет: pexels
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Ғылым және жоғары білім форумында Қазақстанда ғалымдар көбейетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Вице-премьердің айтуынша, ғалымдарды жүйелі қолдау ғылымды дамытудың басым бағытына айналуға тиіс. Осыған байланысты ғылыми қызметке бейім балаларды іріктеудің үздіксіз көп деңгейлі жүйесін әзірлеуді тапсырды.

Мұндай жүйе қазірдің өзінде өнер саласында сәтті жүзеге асырылып жатыр. Болашақ режиссерлер мен музыканттарды дайындау орта мектеп қабырғасынан басталып, мамандандырылған колледждер мен жоғары оқу орындарында жалғасады.

Ғылыми-зерттеу әлеуеті зор ғалымдардың жаңа буынын қалыптастыру үшін таланттарды жинау бағдарламасын әзірлеуді тапсырамын. Сонымен қатар шетелден келген қазақстандық дарынды ғалымдар тізімінің ақпараттық базасын құруды жеделдету қажет.Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов

Бұған дейін Ғылым және жоғары білім министрі Қазақстанда ғылыми кадрлардың тапшылығы апатты жағдайда екенін айтқан еді. Тәуелсіздік алған кездері 52 мыңға жуық ғалым болса, қазір ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының базасында 22 мың адам ғана еңбек етіп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

2025 жылдың 1 мамырынан бастап жедел жәрдем қызметі қалай жұмыс істейді

"Бөдененің жұмыртқасындай". СҚО-да бұршақ жауды

Телефондағы деректердің ұрлануынан қалай қорғануға болады - үздік 3 кеңес

Алматыда 30 сәуірде дабыл белгілері іске қосылады

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы