Жастардың оқуына жылдық 2-3% жеңілдікпен несие берілмек

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында отандық жоғары оқу орындарының сапасы артқан сайын олардағы білімнің құны да өсетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің сөзінше, оқуға жылдық 2-3 пайызбен жеңілдікті несие берілмек.

Сондықтан мемлекет білім беру гранттарын бөлуді жоспарлап отыр, ол ҰБТ нәтижелеріне және басқа да көрсеткіштерге байланысты мөлшері бойынша – 30-дан 100 пайызға дейін сараланады. Сонымен қатар оқуға жылдық 2-3 пайызбен жеңілдікті несие берілмек. Бұл шаралар жоғары білімді қолжетімді етеді. Сонымен бірге қоғамдағы серіктестік пен өзара жауапкершілік идеологиясын күшейтеді.Мемлекет басшысы

Сонымен қатар оның айтуынша, елдің басты міндетінің бірі – жастарды қолдау. Елімізде жастарға да жеңілдікпен несие беріледі.

Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі. Еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жасқа жұмыс беруіміз керек. Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіле бермек. Оларға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі. Бұл шаралар қоғамның барынша үйлесімді әрі әділетті болуына ықпал етеді.Қасым-Жомарт Тоқаев
Қазақстан
Президент Жолдауы – 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі