Шолпан Каринова мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында балабақша тәрбиешілеріне жүктемені азайта отырып, олардың жалақысын көтеруді тапсырғанын еске салды.
Мұғалім мен бала арақатынасын 1:12-ге дейін төмендету, балабақша тәрбиешілерінің жалақысын көтеру, мектепке дейінгі тәрбиешілерді аттестациялау жүйесін өзгерту ұсынылды.Шолпан Каринова
Ол бүгінде Қазақстанда бір балабақша тәрбиешісіне 25 баладан келетінін атап өтті. Мысалы, АҚШ, Австралия, Финляндияда бір балабақша тәрбиешісіне төрт баладан келсе, Түркия мен Қытайда 10 баладан келеді. Бұл ретте олардың жалақысы мектеп мұғалімдерінің жалақысынан бірнеше есе төмен.
1 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылға қарай алты жасқа дейінгі барлық баланы мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету қажет екенін айтты.