Павлодар облысында мектептегі астан уланған балалар ауруханадан емделіп шықты

Сурет: Zakon.kz
Олар ауруханада 6 күн бойы ем алды. Сараптама балалардың астан уланғанын нақтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тамақтан уланды деген 9 баланың төртеуін сараптама растады. Улану себебі – мектеп асханасында сапасыз тамақ. Асханада тексеру жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz облыстық санитарлық-эпидемиологиялық департаментіне сілтеме жасап.

Айта кетсек, 9 қыркүйек күні Шарбақты ауданындағы №2 мектептің 9 оқушысы Шарбақты ауруханасына ем іздеп барған. Балалар сол күні таңғы сағат 9-дан кешкі сағат 20:40 дейін бірінен соң бірі ауруханаға келген. Құсу, іш ауруы, диарея және дене қызуының 39 градусқа дейін көтерілуіне қатысты шағым білдерген. Санэпидемиологтардың болжамынша, оқушылар мектеп асханасында улануы мүмкін, өйткені олардың бәрі сол жерде тамақтанған. Төрт бала Павлодардағы облыстық балалар ауруханасына жеткізілген болатын. Олардың ішінде үш қыздың екеуі 2-сыныпта, біреуі 9-сыныпта, бір ұл 4-сыныпта оқиды. Аудандық білім беру бөлімінің мәліметінше, мектептегі асхана қызметін «Абуев» жеке кәсіпкерлігі жүргізеді. Тексеру нәтижесі бойынша жауапты тұлғаларға қатысты шара қолданылатыны хабарланған.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды