Қазақстанда мектеп мұғалімдеріне бескүндік жұмыс аптасы енгізілді

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 қыркүйектегі бұйрығымен Педагогтың жұмыс уақыты мен демалыс уақыты режимінің ерекшеліктерін айқындау қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үш ауысымдық оқыту режимінде жұмыс істейтін және оқушылар орны тапшылығы бар орта білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта білім беру ұйымдарында енгізілген өзгерістерге сәйкес, бес күндік жұмыс аптасы белгіленді, демалыс күндері сенбі және жексенбі.

Сонымен қатар үш ауысымда оқитын және оқушылар орны тапшы орта білім беру ұйымдарында алты күндік жұмыс аптасында жұмыс істейтін мұғалімдер үшін жексенбі демалыс күні болып белгіленеді.

Тәрбиеленушілерге арналған келісімшарт негізінде қосымша білім беру бағдарламалары бойынша жұмыс істейтін мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтары үшін жұмыс уақыты мен демалыс режимі ішкі тәртіп ережелерімен белгіленеді.

Бұйрық 2022 жылдың 1 қазанынан бастап күшіне енді.

Қазақстан Аймағамбетов Асхат
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: