2025 жылға дейін шәкіртақыны өсіреміз – Саясат Нұрбек

Сурет: primeminister.kz
Биыл 1 қыркүйектен бастап студенттердің, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы көбейген еді. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек шәкіртақы тағы қашан өсетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министр "Келесі жылы да қыркүйекте осындай өзгерістер бола ма?" деген сұраққа жауап берді. Оның сөзінше, мүмкіндіктер сақталады.

Осы мүмкіндіктер сақталады. 2025 жылға дейін шәкіртақыны өсіреміз. Келесі қыркүйектен бастап тағы 15%-ға, 20%-ға. Мақсатымыз - оқытушыларымыздың, профессорларымыздың, Ph-докторанттарымыздың, студенттеріміздің шәкіртақыларын өсіріп, еңбек нарығындағы орташа және жоғары деңгейге келтіру. Неге десеңіздер, қазір ұстаздардың жалақысы өсті, - деп түсіндірді министр.

Министр мектеп мұғалімдерінің жалақысы өсуіне қарай ғылым қызметкерлері басқа жұмысқа ауысқанын да айта кетті.

Біз кейінгі екі жылда 3 мыңнан астам профессорымызды жоғалтып алдық. Олар мектептерге кетті. Себебі мектепте жалақы жақсы.Саясат Нұрбек
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс