"Ұлт болашағы ұрпақтың білімді болуына байланысты" деген Президент білім саласына, оның ішінде әрбір өңірдегі мектептердің жай-күйіне айрықша мән беріп отырғанын атап өтті.
Президенттің сөзінше, Алматы облысында үш ауысыммен оқытатын мектеп мәселесі әлі шешімін таппай келеді. Аймақта осындай 52 мектеп бар. Небәрі 30 мың оқушыға есептелген мектептерде 90 мыңға жуық бала оқып жатыр.
Бұл мәселені шұғыл шешу қажет. Осы жұмысқа мемлекет және жекеменшік серіктестігі арқылы бизнес өкілдерін тартқан жөн. Өңірде осындай игілікті іске атсалысуға дайын кәсіпкерлер бар деп ойлаймын.ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
"Жайлы мектеп " ұлттық жобасымен облыста 39 мектеп салынатынын тілге тиек еткен мемлекет басшысы, бұдан бөлек, Қонаевта дарынды балаларға арналған лицей және интернат ашу қажет екенін баса айтты.
Тағы да қайталап айтамын. Мектеп салу және оны жаңғырту – әкімдердің жұмысындағы негізгі көрсеткіштердің бірі.Қасым-Жомарт Тоқаев