Министр Саясат Нұрбек Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ғылыми кітапханасымен танысты

Сурет: Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университенің 85 жылдық мерейтойы аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек OPEN SPACE ғылыми кітапханасының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Zakon.kz.


Университетте жаңа үлгідегі ғылыми кітапхана биыл қолданысқа берілді. Кітапхананың жалпы кітап қоры 2 119 751 данадан тұрады. Сонымен қатар оқырмандар үшін электрон кітапхананы пайдалану мүмкіндігі бар.

"OPEN SPACE-те білім алушыларға барлық жағдай жасалған. Кейінгі үлгідегі компьютерлер мен ноутбуктер, оқырмандарға арналған конференц зал мен кіші зал, студенттер үшін жеке орындармен жабдықталған. Білім беру бағдарламалары бойынша барлық пәннің жаңа мазмұнды оқу құралдары мен 100 жаңа оқулық қамтылған", - деді ғылыми кітапхана директоры Гүлмира Сәтпаева.

Университеттегі білім беру бағдарламаларының 64 бағыты бойынша 90 пайыз оқу құралдарымен қамтылған. Бұдан бөлек, сирек кездесетін әдебиеттер қоры сақталған. Атап айтсақ, құнды кітаптардың бірі – 1914 жылы шыққан  "Атлас Азиатской России" кітабы. Ең алғашқы басылымдардың бірі 1760 жылы шыққан "История древней Греции" кітабы.

Сонымен бірге қорда Брокгауз бен Ефронның 82 томдық "энциклопедиялық сөздігі" (1890-1906), 1907 жылы шыққан Құран кітабының араб тілінен алғашқы орыс тіліне аударылған нұсқасы бар.

Қызылорда
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Халаттағы қыз және робот-ит: Астанадағы дауыс беру учаскесіндегі ерекше оқиға

Референдум-2026: қазақстандықтар ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін қалай таба алады