Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі жарияланды

Сурет: pixabay
Магистратураның қысқы конкурс қорытындысы шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Магистратурада оқуға арналған білім беру гранттары кешенді тестілеу сертификаттарының балдарына сәйкес конкурстық негізде берілді. Отырыс қорытындысы бойынша 1774 адам мемлекеттік білім беру грантының иегерлері атанды, оның ішінде бейіндік магистратура бойынша 100 грант", - делінген Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарламасында.

Оқуға қабылдау 10 қаңтарға дейін жүзеге асады. Ал оқу ЖОО-ның Академиялық күнтізбесіне сәйкес басталады. Мемлекеттік білім беру гранты иегерлерінің тізімімен министрліктің Telegram-арнасы арқылы танысуға болады.

Кешенді тестілеу 28-1 желтоқсан аралығында компьютерлік форматта өтті. Магистратурада білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 6-12 желтоқсан аралығында жүзеге асырылды. Білім беру гранттарын беру конкурсына барлығы 2029 адам қатысты.

Мемлекеттік гранттар республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша берілді, оның құрамына мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, журналистер және Қазақстан Студенттер альянсының өкілдері кірді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі