Қазақстанда ресейлік ЖОО, Ресейде қазақстандық ЖОО филиалдарын ашу туралы заң жобасы әзірленді

Сурет: akorda.kz
ҚР Үкіметі мен РФ үкіметі арасындағы Ресейде Қазақстанның жоғары оқу орындарының филиалдарын және Қазақстанда Ресейдің жоғары білім беретін білім беру ұйымдарының филиалдарын құру туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы әзірленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Келісімде Ресей Федерациясында Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдарын және Қазақстан Республикасында Ресей Федерациясының жоғары білім беру ұйымдарының филиалдарын құру және олардың жұмыс істеуі көзделеді. 

Бұл Келісімді іске асыру шеңберінде ресейлік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдарын ашу кезінде қазақстандық лицензия алу іске асырылады.

Филиалдарда оқыту білім беру бағдарламалары шеңберінде филиалдардың орналасқан елінің тарихы мен қазақ тілін міндетті түрде зерделей отырып, екі елдің мемлекеттік тілдерінде жүргізілуі мүмкін.

Құжатта Қазақстан филиалында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын меңгеруді аяқтаған және қорытынды аттестаттаудан ойдағыдай өткен білім алушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген үлгідегі білім туралы құжаттар берілетіні жазылған.

Ал Ресей филиалында жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген және қорытынды аттестаттаудан ойдағыдай өткен білім алушыларға Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес белгіленген үлгідегі білім және  біліктілік туралы құжаттар беріледі.

Білім туралы құжаттарды тану Тараптардың мемлекеттері қатысушылар болып табылатын халықаралық шарттарға және Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес іске асырылады.

Филиалдарда оқуға қабылдау Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес іске асырылады.

Осы Келісім бес жыл бойы қолданыста болады және егер Тараптардың бірде-біреуі кезекті кезең аяқталғанға дейін бір жылдан кешіктірмей дипломатиялық арналар арқылы екінші Тарапқа оның қолданысын тоқтату ниеті туралы жазбаша хабарлама жібермесе, келесі бесжылдық мерзімдерге автоматты түрде ұзартылады.

Құжат 24 наурызға дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Қазақстан
Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі