"Нан-шаймен қатырған". Алматы әкімдігі желідегі балабақша жайлы видеоны тексеретін болды

Сурет: pixabay
TikTok-та отандық балабақшалардың бірінде сәбилердің таңғы асқа нанды шайға батырып жеп отырғаны түсірілген видео пайда болды. Бұл жайт желі қолданушыларының ашуын туғызды. Алматы қаласының білім басқармасы аталған роликке қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видео сипаттамасында оның Алматыдағы №164 мемлекеттік балабақшада түсірілгені көрсетілген. 

Видео астына пікір қалдырушылар саны қас-қағым сәтте көбейіп, ашулы жұрт балабақша басшылығын ұры деп те айыптайды.

Алматы әкімдігі аталған жағдайға түсініктеме берді. Олар бұл арада №164 балабақша жайлы сөз болып отырғанын растады.


"Осы оқиға бойынша егжей-тегжейлі тексеру жүргізу үшін мониторингтік топ құрылды. 20 наурызға дейін бақылау комиссиясы өз жұмысын аяқтауы керек. Қазір Алматы қаласы білім басқармасының қызметкерлері мектепке дейінгі ұйымға аттанды. Тексеру нәтижелері қосымша хабарланатын болады". Алматы қаласының білім басқармасы

Ақпан айының соңында Білім министрлігі мен Алматы әкімдігі білім беру жүйесін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған өңірлік жол картасына қол қойды.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді