Шымкентке олимпиадаға келіп ауруханадан бір-ақ шыққан оқушылар: Дәрігерлер түсінік берді

Шымкентте наурыздың 20-25 аралығында жаратылыстану-математика бағытында республикалық олимпиада өткізіліп, оның барысында 15 оқушы жұқпалы аурулар ауруханасына түсті. Осыған қатысты Шымкент қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Олимпиадаға қатысуға келген оқушылардың барлығы үш мекенжай бойынша қаладағы оқу орындарының жатақханаларына орналастырылған. Ауруханаға түскен 15 оқушы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің №5 жатақханасында тұрған. Тамақтану (таңғы ас, түскі ас, кешкі ас) осы жатақхананың буфет-асханасында ұйымдастырылған. Зерделеу барысында зертханалық зерттеулерге тағам үлгілері, су сынамасы, сүрткіш, асхана қызметкерлерінен бактерия тасымалдаушылыққа бактериологиялық зерттеуге анализдер алынған. Сүрткіштерді зерттеулер нәтижелері бойынша ішек таяқшасы тобындағы бактериялар (ІТТБ) табылды". Шымкент қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті

Ал бүгінгі таңда барлық 15 науқас бала сауығып, стационардан шығарылды.

"Барлық балаларда бактериологиялық зерттеулер нәтижесі - теріс, "Басқа және анықталмаған гастроэнтерит және инфекциялық колит" қорытынды диагнозымен шығарылды", делінген хабарламада.


23 наурыздан бастап №5 жатақханада тұратын олимпиадаға қатысушыларды тамақтандыру №1 қалалық мектеп-гимназиясының асханасына ауыстырылғаны да нақтыланады.

Берілген ұсыныстарға сәйкес, оқушылардың қатысуымен өтетін олимпиаданың салтанатты жабылу рәсімі тоқтатылды. 2023 жылдың 3-8 сәуірінде Шымкент қаласында өткізу жоспарланған қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық олимпиаданың форматы қайта қаралды, енді олимпиада аймақтарда өткізіледі.

Шымкент қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы республикалық олимпиаданы өткізу Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметімен келісілмеген және оның өтетіні жөнінде хабардар етілмеген. Ағымдағы жағдайға сәйкес және КВИ тіркелуінің жалғасуына (пандемия жойылған жоқ), сонымен қатар көршілес елдерде қызылшамен сырқаттанушылық өсіп, Шымкент қаласында екі жағдайдың тіркелуіне байланысты, аурулардың таралуын болдырмау және алдын алу мақсатында департамент алдағы уақытта республикалық олимпиадаларды ұйымдастырушыларға олимпиадаларды өткізуді ҚР инфекциялық аурулардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясымен келісуді ұсынады.

Шымкент
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: