Қазақстанның бүкіл өңірі бойынша ораза кестесі жарияланды

Рамазан айындағы барлық өңір бойынша ораза уақытының кестесі жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүкіл Қазақстан бойынша 2023 жылғы Рамазан айындағы ораза кестесі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайтында жарияланды.

Сондай-ақ ҚМДБ төралқа Мәжілісі мүшелерінің бірауызды шешімімен 2023 жылғы пітір садақа мөлшері – 535 теңге болып бекітілгенін де хабарлайды.

Рамазан айынының бірінші күні бейсенбі - 23 наурызға сай келеді. Бұл күні, мәселен астаналықтар таңғы сағат 5:39-ға дейін ауыз бекітіп үлгеруі керек, ал кешкі сағат 19:36-да ауыз ашуға асығады. Ақтаулықтар сәл кеш, яғни таңғы сағат 6:15-те ауыз бекітсе, ауыз ашар уақыт кешкі сағат 19:54-ке сай келеді. Яғни, өңірлер бойынша ауыз бекіту мен ауыз ашу уақытында белгілі бір деңгейде айырма барын еске саламыз.

Әр өңір бойынша ораза кестесімен мына арадан таныса аласыздар. 


Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: