9 наурыздан бастап Алматыда тегін көшет алуға болады

Сурет: Zakon.kz
Тұрғындарға тегін көшет таратуға арналған «Жасыл аула» науқаны 9-18 наурыз аралығында Алматы тұрғындарының өтінішін қабылдайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы әкімдігі «Жасыл аула» науқанының басталғанын хабарлады. Бұл науқанға көпқабатты үйлер ауласы мен қоғамдық кеңістіктерді көгалдандыруға ниетті әр алматылық қатыса алады. Тұрғындардың шаған, үйеңкі, шегіршін, терек, қараған мен қайың сияқты көшеттерді тегін алуға мүмкіндігі бар. Айта кетейік, науқан қатысушылары еккен ағашын үш жыл бойы күтіп-баптайтыны туралы міндеттемеге қол қояды.

Қатысу үшін zeleniy_dvor_almaty@mail.ru элентронды поштасына мынандай мәліметтерді жолдау қажет:

Өтініштер 9-18 наурыз аралығында қабылданады. Науқанға қатысушылардың өтініші 19-27 наурыз аралығында қарастырылады. Ал ағаш егу 28 наурыз бен 12 сәуір аралығына жоспарланған.

Көшеттерді Бостандық ауданы, Тәжібаев көшесі, 155а ( «STAMP SERVICE» ЖШС базасы) мекенжайынан алып кетуге болады.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Отбасының цифрлық картасы қалай толтырылып, жүргізіледі

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды

Нұрболат Мағзұмов ҚР Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып тағайындалды

Қазақстан мен Қытай "Қорғас" халықаралық орталығында қауіпсіздікті қамтамасыз етпек

Астана мен Алматыда үсік жүреді: 27-29 қыркүйектегі үш мегаполистің ауа райы болжамы