Алматы ауасындағы азот диоксидінің деңгейі 2,6 есе көбейген

Сурет: Zakon.kz
Алматы ауасындағы адам денсаулығына зиян азот диоксидінің деңгейі шамадан 2,6 есе артқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мамандардың айтуынша, мегаполистегі ауаның ластануына бірінші кезекте – жылу-электр орталығынан үздіксіз бөлінетін зиянды қалдықтар себеп. Оған қоса, автокөліктер санының көбеюі де әсер етіп жатыр. Бұл туралы "Астана" телеарнасы хабарлады.

"Қазгидромет" Алматыдағы ауаның ластану деңгейі жоғары екенін бірнеше мәрте мәлімдеген болатын. Негізгі ластану РМ-2,5 және РМ-10, азот диоксиді, күкірт диоксиді, көміртегі оксидінің тоқтатылған бөлшектеріне байланысты".  "Қазгидромет" РММ баспасөз хатшысы Алина Ысмағұлова

Қазір Алматыда 555 мыңнан астам көлік тіркелген. Сонымен бірге күн сайын қалаға 230 мыңнан астам автомобиль кіріп-шығады. Әрбір бесінші көліктен шығатын зиянды қалдық мөлшері нормадан асып түседі. 

"Мониторинг бойынша жұмыстар жүргізілді. Жалпы алғанда, есептік тұрғыдан алған кезде 55% автокөліктерге шығып тұр шығарындылардың, 9% жеке үйлерге, қалған 36% стационарлық көздерге шығып тұр. Диоксид азоты бойынша ең көп шығарындысы автокөліктерге түсіп тұр".  Қалалық экологиялық реттеу бөлімінің басшысы Ләйла Мұхамедрахымова
Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның бірнеше өңірінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады

Қарашада үш жұлдыз белгісінің өмірі түбегейлі өзгеруі мүмкін

ҚазҰУ журналистика факультетінің бірінші курс студенті қаза тапты

Қазгидромет 8 қарашада жауын-шашын мен көктайғақ болатынын ескертті

Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайтыны ескертіледі