Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайтыны ескертіледі

Ауа сапасы, нашарлау, 8 қараша, Алматы, Талдықорған, Павлодар, Астана, Ақтөбе, Көкшетау , сурет - Zakon.kz жаңалық 08.11.2026 09:04 Сурет: pexels
"Қазгидромет" РМК бүгін, 8 қарашада еліміздің алты қаласында ауа сапасының ластану деңгейі жоғары болатынын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"8 қарашада Алматы, Талдықорған, Павлодар, түнде Астана, Ақтөбе, Көкшетау қалаларында атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық жағдайлар күтіледі", делінген синоптиктер хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бұған дейін "Қазгидромет" РМК бүгін, 8 қарашада еліміздің бірқатар өңірінде жауын-шашын мен көктайғақ болатынын ескерткен.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: