Жұмыртқа арзандады ма

Сурет: Zakon.kz
Қазақстанда жұмыртқаның бағасы төмендеді. Бұл туралы отандық жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz

Петропавловск.news  таратқан мәліметке сүйенсек, 10 желтоқсаннан бастап республикамыздың барлық құс фабрикасында жұмыртқаның көтерме бағасы төмендеді, яғни жұмыртқаның көтерме бағасы 37 теңгеден 32-31 теңгеге дейін (16 пайыз) түседі.

Бөлшек баға біртіндеп шамамен бір аптадан кейін арзандай бастайды. Бұдан бұрын Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылуына жол бермеу мақсатында монополияға қарсы орган 9 құс фабрикасына қатысты 31 хабарлама (28 – өндірушілерге, 3 – көтерме жеткізушілерге) шығарды. 9 құс фабрикасына қатысты 6 тергеу тағайындалды (Түркістан, Павлодар, Ақмола, СҚО, Қарағанды облыстары).ҚР жұмыртқа өндірушілер қауымдастығының президенті Максим Божко

Соған қарамастан кейбір сауда-саттық орындарда бұрынғы баға сақталып тұруы да мүмкін. Қауымдастық басшысының айтуынша, оның бәрі мерекеге байланысты орын алып жатқан дүние.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді