2021 жылы төлем жүйелері мен қаржы ұйымдарының тікелей корреспонденттік шоттары арқылы ұлттық валютада жасалған қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдарының жалпы көлемі 862 трлн теңгені құрады. Оның 91%-ы Ұлттық Банктің төлем жүйелері – Банкаралық ақша аудару жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі арқылы жүргізілді.
ҚҰБ ұлттық төлем жүйелеріндегі транзакция саны 59,3 млн теңгені, жалпы сомасы – 782,1 трлн теңгені құрады. Осылайша, операциялар жүргізілген күндері осы жүйелерге түскен орташа жүктеме күніне сомасы 3,2 трлн теңге болатын 241,2 мың төлемді құрады. Орташа есеппен минутына 4,8 млрд теңге сомаға төлем жүргізілді.
Операциялық күн ішінде төлемдердің ең көп саны сағат 12:00-ден 13:00-ге дейінгі кезеңде өңделеді.
ҚҰБ төлем жүйелерінің жұмыс қабілеттілігінің коэффициенті 2021 жылы 99,98% болды.
Бұл белгіленген нысаналы көрсеткіштен асып артық, әрі ұлттық төлем жүйелерінің жұмыс істеуінің жоғары тиімділігін сипаттайды.