Шығыс Қазақстан облысында сотталған 20 азамат жұмыспен қамтылды

Сурет: Zakon.kz
Өскеменде сотталғандар ҚАЖД ОВ 156/22 мекеме қызметкерлерінің көмегімен облыс орталығының ірі жауапкершілігі шектеулі серіктестеріне жұмысқа орналасуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жүргізілген талдау көрсеткендей, қайталанатын қылмыстардың басым бөлігін тұрақты жұмыс орны жоқ сотталғандар жасайды және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында облыстың қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері тарапынан барлық шаралар қолданылуда.

Айта кетерлігі, сотталғандарды жұмысқа орналастыру жұмыстары колония қызметкерлері мен пробация қызметі тарапынан тұрақты түрде жүргізіліп отырады.

ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс орталығындағы ірі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірімен ынтымақтастық аясында колония-қоныс қызметкерлерінің арасында сотталғандарды жұмысқа орналастыру туралы келісім жасалды.

Бүгінгі таңда сотталған 20 азамат жұмыс орнымен қамтылды. Сотталғандар тұрақты жалақымен орауыш болып жұмыс істей алады деп жоспарланып отыр.

Біздің мекемеде есепте тұрған адамдарды жұмысқа орналастырудың оң тәжірибесі бар екеніне көзіміз жетті, осы бағытта екінші жыл жұмыс істеп келеміз. Бұл қайталанатын қылмыстың алдын алудың тиімді жолы деп есептейміз. Бүгінгі таңда маусымдық жұмысқа 20-дан астам сотталушы орналасты, – дейді ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ 156/22 мекеме жасағының бастығы Айдар Антонов.
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды