Петропавлдағы сапасыз тауарлардың басым бөлігі ЕАЭО аумағынан келгені анықталды

Сурет: Zakon.kz
Солтүстік Қазақстан облысына келетін сапасыз тауарлардың басым бөлігі Еуразиялық экономикалық одақ аумағынан әкелінгені анықталды. Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық департамент өкілдері мәлімет таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сала мамандары жыл басынан бастап елімізге әкелінген тауарлардың мыңға жуық сараптамасын алып, тексеріс жүргізген. Сөйтіп, оның әрбір бесіншісінен кемшіліктер тапқан. Көбінесе тауардың жарамдылық мерзімі көрсетілмеген. Демек, сауда сөрелеріне бүлінген тауар шығарылуы мүмкін, - дейді олар. Сондай-ақ, кейбір азық-түліктің құрамындағы заттар шындыққа жанаспапты. Осындай шикіліктер, көбінесе ресейлік тауарлардан анықталып отыр, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Отандық тауарлар арасында да сапасызы ара-тұра кездеседі.

Үш ұн диірменінен біз сапа сертификатын қайтарып алдық. Себебі, ұнның сапасы нашар болған. Ал импортталған тауарлардың арасында еттің сапасы талапқа  сәйкес келмеді. Яғни, шетелдік кәсіпкерлер  өзге жануардың етін қолданған. Біз сараптама қорытындысын жауапты министрлікке жолдадық.СҚО СЭБД бөлім басшысы Данияр Оспанов
Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты