Біз «бір қолға» деген секілді қант саудасында шектеулер енгізбейміз – Сауда министрлігі

Сурет: unsplash
Бір қолға қантты шектеп беру дегенді сауда желілері өз бетінше енгізуі мүмкін, деп мәлімдеді ҚР Сауда және интеграция министрлігі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Біз, үкімет тарапынан бір қолға шектеулі көлемде қант беріледі деген сияқты ешқандай шектеулер енгізбейміз. Бұл сауда желісінің өз саясаты. Мысалы, сауда желісі қанттың жаппай сатып алынып жатқанын байқап, ал келесі жеткізілім бір аптадан кейін ғана болса, онда олар тапшылықты тудырмас үшін өздерінің ішкі шектеу шараларын енгізуі мүмкін. Бірақ мен олар үшін түсініктеме бере алмаймын. ҚР СИМ Сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаев

Сондай-ақ ол қазақстандықтардан негізсіз дүрлігуге бой алдырмауды және қажеттіліктеріне қарай қант сатып алуды сұрады.

Қант бар, үнемі болады. Біздің негізгі ірі жеткізушілерімізге (Бразилия, Мексика, Үндістан) қатысты ешқандай проблема жоқ, егер ертең дүние төңкеріліп кетпесе енді. Жеткізілім көлеміне қатысты бізде ешқашан мәселе туындамайды деп ойлаймыз, – деп атап өтті Ержан Қазанбаев.

Сондай-ақ, комитет басшысы әрбір жеткізушінің белгілеген өз бағасы бар екенін айтты. Өткен аптаның ресми статистикасы бойынша, бүгінгі таңда елдегі қанттың бір келісінің орташа бағасы - 450-470 теңге.

Бұған дейін министрлік Қазақстанда қант тапшылығы жоқ екенін, қорда шамамен 67 мың тонна қант бар екенін мәлімдеген еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев