Танымал блогер Дәулет солтүстікке бес отбасын көшірді

Танымал блогер, экономист, журналист Дәулет Төлеутайұлы солтүстікке бес отбасын көшірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы блогердің Instagram парақшасына сілтеме жасап, Almaty.tv хабарлайды.

Бұл бастама «Бала-шағамен Солтүстікке» жобасы аясында жүзеге асқан. 5 сәуірде бастау алған қайырымдылық жобасының жоспары бойынша, қоныс аударған отбасыларға баспана, балаларды мектепке орналастыру және кәсіп бастауға 1 миллион теңге қайтарымсыз қаражат беріледі.

Жоба аясында солтүстікке қоныс аударған Аманжол мен Гүлмираның алты баласы бар. Олар мұнда Жамбыл облысынан келген.

«Жобадан өткен кезекті отбасын таныстырсақ, Аманжол мен Гүлзира Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылынан көшіп келді. Олардың 6 баласы бар. Гүлзира ханым - фельдшер. Ал Аманжол мырза мал шаруашылығымен айналысқысы келеді. Оның ішінде қой шаруашылығын дамытуды жоспарлап отыр», - делінген хабарламада.

Солтүстікте үйлі болған Гүлмира Нұрғалиева халыққа ештеңеден қорықпай қоныс аудаурға кеңес беріп, өзіне көрші болуын тіледі.

Қор тарапынан қайырымдылық жоба қатысушыларына баспанадан бөлек төмендегідей көмек беріледі:

Жобаға 2022 жылдың 5-15 сәуір аралығында 1311 өтінім келіп түскен. Қоныс аударатын жандардың атқаратын жұмыстарына, бизнес идеяларына мән берілген. 

Бұдан бөлек арнайы сауалнамадан жоғары балл жинап «Бала-шағамен Солтүстікке» жобасында үздік танылған бес отбасы:

1. Сұлтамұратов Аманжол – Нұрғалиева Гүлмира; Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылы – алты балалы отбасы

2. Әйтімов Айдос – Сатыбалдиева Әлия; Шымкент қаласы – жеті балалы отбасы

3. Салқымбай Эльдар – Мұхаметжан Айкүміс; Алматы облысы, Қарасай ауданы, Елтай ауылдық округі – бес балалы отбасы

4. Баймырзаев Абзал – Маханова Перизат; Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған бекеті – бес балалы отбасы

5. Байғұлов Мұратбай – Ұзақова Гүлнұр; Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Бесшоқыауылы – алты балалы отбасы

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: