Қазақстан аумағынан күнбағыс майын алып шығуға шектеу қойылды

Сурет: primeminister.kz
Күнбағыс майын Қазақстан аумағынан әкетуге сандық шектеулер бағаларды тұрақтандыру және сыртқы нарықтарда жоғары сұранысқа байланысты нарықта тапшылықтың туындауын болдырмау мақсатында енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

18 маусым мен 31 тамыз аралығында ел аумағынан күнбағыс майын әкетуге шектеулер енгізілді, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитеті.

Күнбағыс майын Қазақстан аумағынан әкетуге сандық шектеулер бағаларды тұрақтандыру және сыртқы нарықтарда жоғары сұранысқа байланысты нарықта тапшылықтың туындауын болдырмау мақсатында енгізілді.

Күнбағыс майын ел аумағынан әкету Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық бөлімшелері беретін фитосанитариялық сертификат болған кезде ғана жүзеге асырылады. ҚР ҚМ МКК

Айта кетейік, күнбағыс майын әкетуге енгізілген сандық шектеулер 2021 жылғы 15 желтоқсаннан бастап 2022 жылғы 1 маусымға дейін қолданылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды

Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы