Ұсыныстың кему қаупіне байланысты мұнай қымбаттай бастады

Сурет: pixabay
Күндізгі сауда-саттық нәтижелері бойынша мұнайдың әлемдік бағасы шикізаттың жетіспеушілігі туралы қауіптен кейін жылдам өсе бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нұр-Cұлтан уақытымен сағат 17:58-дегі жағдай бойынша Brent маркалы мұнайдың қыркүйек айындағы фьючерстерінің бір баррелінің бағасы бір пайызға, яғни 112,75 долларға дейін өсті. WTI тамыз айындағы фьючерстері — 0,83 пайызға, демек 109,33 долларға дейін.

Дүйсенбі күні түстен кейін мұнай бағасы өсті, өйткені инвесторлар нарықтағы қара алтынның тапшылығынан қауіптенеді. Тағы бір қауіпке Ливиядағы жағдай түрткі, онда елдің ұлттық мұнай корпорациясы (National Oil Corporation, NOC) елдегі саяси дағдарысқа байланысты Эс-Сидр және Рас-Лануф экспорттық мұнай құю порттарында және Эль-Филь кен орнында форс-мажор жариялады, – деп хабарлайды Прайм.

Сарапшылар атап өткендей, бұл мұнай бағасы мен доллардың әлсіреуіне әсер етеді. Доллар индексі (алты елдің — АҚШ сауда серіктестерінің валюта қоржынына бағамы) 0,29% - ға, 104,83 пунктке дейін төмендеді. Доллардың әлсіреуі шикізатты, оның ішінде мұнайды басқа валютада сатып алуға қолжетімді етеді.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін