Күндізгі саудада доллар арзандады

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,62 теңгеге төмендеп, 470,13 теңгені құрағанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 7,60 теңгеге дейін төмендеді.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 65,01 теңгені (-0,74) құрады.

Еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 465,12 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 472-475,5 теңге, еуро 459-466 теңге, ресей рублі 7,1-7,4 теңге аралығында сатылуда.

Ал 19 қазандағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.

Осылайша, Brent маркалы мұнайдың желтоқсандағы фьючерстерінің құны 0,54%-ға өсіп, барреліне 90,52 долларды құрады.

Қараша айындағы WTI маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы барреліне 1,06%-ға өсіп, 83,7 долларды құрады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады

Ақтауда еден жуушының шелегін тепкен мұғалім жазаланды

Қазақстанға қоныс аударатын қандастар мемлекеттік субсидияны қалай ала алады

Қарин: Соңғы жылдары Қазақстан азаматтығынан шығуға ниет білдірушілер санының азаю үрдісі сақталып отыр

Ақордада Иордания королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті