Олардың арасында ел аумағындағы ең ірі такси агрегаторының қызметтерін ұсынатын Яндекс таксиге, метрология және тауарлардың сәйкестігін растау қызметтерін көрсететін Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығына, "Мобайл телеком сервис " байланыс операторына (Теле 2) және дизель отынын өткізуді жүзеге асыратын Петросанға қатысты да үстем жағдайды теріс пайдалану бөлігіне қатысты тергеу жүргізілген.
Тергеу қорытындылары қосымша хабарланатын болады.
"Биылғы жылдың өткен кезеңінде монополияға қарсы орган нарық субъектілері мен мемлекеттік органдардың атына 442 хабарлама шығарды, оның 330-ы орындалды. Ескерту құралы кәсіпкерлерге бұзушылық белгілерін өз еркімен жоюға мүмкіндік беріп, оларды монополияға қарсы тергеуге тартпай, ескерту ретінде пайдаланылатынын атап өту маңызды". ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚДА) төрағасының орынбасары Болат Сәмбетов