Мемлекет басшысы парламент биыл қандай жұмыс атқарғанын айтты

Биыл парламент 150 заң жобасын қарады, 79 заң қабылданды. Бұл құжаттар конституциялық реформаны жүзеге асыруға, азаматтарды әлеуметтік жағынан қорғауға, бизнесті өркендетуге арналған. Сонымен қатар қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді көздейді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Атап айтқанда, бала күтіміне байланысты төлем мерзімі 1 жылдан 1,5 жылға дейін ұзартылды. Бұл шара балалардың да, оларға күтім жасаушылардың да әлеуметтік қауіпсіздігін арттырады. Жастар санатының деңгейі 29-дан 35 жасқа дейін өсірілді. Бұл азаматтардың мемлекеттік қолдау шараларын көбірек алуына мүмкіндік береді. Балаларды кибербуллингтен қорғайтын заңнамалық механизмдер енгізілді. Қауіпсіздік және құқықтық тәртіп саласында бірқатар заң қабылданды. Оның ішінде биологиялық қауіпсіздік туралы заңды атап өткен жөн. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға, терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заң да бар. Құқық қорғау саласы мен арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлері және әскери қызметшілер барынша қорғалатын болды". Қасым-Жомарт Тоқаев

Президенттің сөзінше, қаржы пирамидаларына қарсы күрес саласына, сонымен қатар құнды қағаздар нарығын, банк және микроқаржы секторларын реттеуге қатысты заңнама жетілдірілді. Заңнамаға инновацияны ынталандыру, цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері жөнінде маңызды өзгерістер енгізілді. Мейлінше қолайлы бизнес-климат құру мақсатында Жақсартылған модельді келісімшарт және Жер қойнауына геологиялық зерттеу жүргізу туралы келісім сияқты тәсілдер енгізілді. Микро және шағын кәсіпкерлік өкілдері үшін бірыңғай төлем енгізілді. Ол еңбекақы төлеу қорының есебінен жүзеге асырылады.

"Стрессті активтерді экономикалық айналымға қайтару үшін заңнамалық негіз қалыптасты. Сақтандыру және бағалы қағаздар нарығын, банк қызметін реттеп, дамыту үшін бірқатар заңнамалық түзету енгізілді. Алда ауқымды жұмыс бар. Мақсатымыз – баршаға айқын. Бұл – мемлекетімізді нығайту және халықтың әл-ауқатын арттыру".Президент
Қазақстан Қасым-Жомарт Тоқаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: