Қазақстаннан автокөлік сатып алу Ресей азаматтарына әлдеқайда оңай түседі. Қазірдің өзінде елімізден көршілес елге көлік әкету 50 есе артқан, деп хабарлайды Astana.tv.
Геосаяси жағдайларға байланысты Қазақстанда құрастырылатын автомобильдерге ресейлік сатып алушылар тарапынан сұраныс артқан. Осыған байланысты барлық автомобиль брендтері іс жүзінде жоғалып кетті. 2021 жылы 1 млн 600 мың көлік сатылған. Ал 2022 жылы 600 мың автокөлік. Салыстырмалы түрде өскені рас. Тәуелсіз автомобиль одағының төрағасы Эдуард Эдоков
Қазақстандық сарапшылардың айтуынша, көрші елдің азаматтары тек жаңа темір тұлпарларды алуда. Әсіресе, кореялық көліктерге басымдық беретін көрінеді.
Корейдің көліктеріне, көбінесе сұраныс жоғары. Ал дилерлік орталықтарды алсақ, БМВ, ТОЙОТА, ЛЕКСУС сияқты көліктерді алу Ресейге ұтымсыз. Неге десеңіз, ондай бренд автокөліктердің жабдықтары Ресейде жоқ. Кәсіпкер Қанат Байжанбаев
Қазір Қазақстан - Корея, Біріккен Араб Әмірліктерінен және АҚШ-тан көлік таситын ірі көлік хабы. Елімізде көлік сатып алу қолжетімді, таңдау да үлкен. Сондықтан ресейліктер темір тұлпарды осы жақтан алуға тырысады.
Бізде баға әлдеқайда қолжетімді. Кореядан, Дубайдан келетін көліктер көп сұранысқа ие. Хюндай соната, Киа К5, Тайота көліктері сатылым бойынша алда тұр. Ресейден келіп көбісі бірден 10-20 автокөлік алып кететіндер де бар, әрине ары қарай сату мақсатында. Біздің кәсіпорында санкциялардан кейін көлік сатылымы 30%-ға өсті. Көлік сатумен айналысатын компания қызметкері Нариман Түсіпбаев
Автонарықты талдау және мониторингілеу орталығының алдын ала бағалауы бойынша, саудадағы қазіргі динамика сақталып, логистика жұмысы реттелсе, нарық былтырғы деңгейге қарағанда тағы 10 пайыз өсім көрсететін болады.