10 қаңтарда Алматы мен Шымкент бағытына қатынайтын Тальго пойызы жолға шықпай қалды

Фото: zakon.kz
"Жолаушылар тасымалы" АҚ техникалық себептерге байланысты 10 қаңтарда "Алматы – Шымкент" бағытындағы №25/26 Тальго жолаушылар пойызының бір рейсі тоқтатылғанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ-тың хабарлауынша, 2023 жылы 10 қаңтарда Алматы-2 станциясынан және 11 қаңтарда Шымкент станциясынан жөнелтілетін Тальго жолаушылар пойызының 1 рейсі тоқтатылғанын хабарлайды. 

Оның орнына жолаушыларды тасымалдау үшін стандартты вагондардан құрылған №505/506 бір реттік пойыз тағайындалады. Пойыз Алматыдан 2023 жылы 10 қаңтарда, ал Шымкенттен 11 қаңтарда жолға шығады, делінген хабарламада.

Жол жүруден бас тартқан жолаушыларға билет құны толықтай қайтарылады.


Стандартты вагондардан тұратын пойызға мінген жолаушылар, багаж, жүк-багажы және теміржол көлігімен тасымалданатын пошта жөнелтілімдері қағидаларына сәйкес белгіленген тәртіппен жол жүру құнының айырмасы төленетін болады. Ұлттық тасымалдаушы келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды."Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі
Алматы
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады